Қазақстандық теннисшілер АТР рейтингінде көрсеткіштерін жақсартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңа рейтингі жарияланды, деп хабарлады Sports.kz.

Тізімде сербиялық теннисші Новак Джокович көш бастап тұр. Оның ұпайы екінші орында тұрған британиялық Энди Маррейден екі есе көп. Үшінші орында швейцариялық Роджер Федерер.

Қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов 6 сатыға көтерілсе, ал Дмитрий Попко Андрей Голубевтен озды.

2016 жылы 16 мамырдағы жағдай бойынша АТР рейтингі:
1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 16150 очков
2 (3). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 8435
3 (2). Роджер Федерер (Швейцария) - 7015
4 (4). Стэн Вавринка (Швейцария) - 6110
5 (5). Рафаэль Надаль (Испания) - 5675
6 (6). Кеи Нишикори (Жапония) - 4470
7 (7). Жо-Вильфред Тсонга (Франция) - 3355
8 (8). Томаш Бердых (Чехия) - 2850
9 (10). Милош Раонич (Канада) - 2785
10 (12). Ришар Гаске (Франция) - 2725

81 (87). Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 699
172 (178). Александр Недовесов (Қазақстан) - 310
207 (208). Дмитрий Попко (Қазақстан) - 261
209 (205). Андрей Голубев (Қазақстан) - 257.