Қазақстандық теннисшілер Азия жабық чемпионатының жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ташкентте 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы теннистен халықаралық турнир аяқталды. Біздің жас теннисшілеріміз қарағандылық Максим Батютенко мен Нұр-Сұлтаннан барған Сандуғаш Кенжебаева беделді жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды sports.kz.

Жартылай финалда Максим корейлік Жанги Киммен кездесіп 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Бірінші орынға талас кезеңінде Батюненко турнирдің екінші ракеткасы таиландтық С.Саеоуимен бақ сынасып, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Қыздар арасындағы турнирдің финалында Сандуғаш Үндістаннан келген Пари Сингхпен ойнап,оны 6:4, 6:3 есебімен сүріндірді.

Екі жас теннисші бұл чемпионаттағы жеңістері үшін Халықаралық теннис федерациясы (ITF) атынан биылғы жазда Еуропада өтетін жоғары деңгейдегі турнирге қатысуға жолдама алды.