Қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогында австриялық қарсыластарына есе жіберді

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Сенбі күні қазақстандық теннисшілер Ю.Щукин мен А.Голубев австриялық тағы бір жұп - Александер Пейя мен Юлиан Ноулмен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын тартысты болатындығы алғашқы сетте-ақ белгілі болды. Соңғы уақытқа дейін есеп айырмасы бір-бірінен алшақ болмады. Өкінішке қарай, австриялық жұп сәл басым болды.

Бүгін ойындар жеке-дара кездесулермен жалғасады. Қазақстан пайдасындағы ағымдағы есеп - 2:1.

Теннис. Дэвис Кубогы. 1/8 ойындар:

Голубев/Щукин (Қазақстан) - Пейя/Ноул (Австрия) - 6:7(5:7); 3:6; 6:7 (3:7).