Қазақстандық теннисшілер Федерация Кубогы рейтингінде екі сатыға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Федерация Кубогының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Көш басында тұрған Чехия өз орнын сақтап қалды, оның активінде 33942,5 ұпай бар, екінші орында - Беларусь (14580 ал үштікті америкалық теннисшілер (13992,5) түйіндеді.

Қазақстан құрамасы канадалық командадан жеңілгеніне қарамастан екі сатыға көтеріліп, 21 орынға тұрақтады (1997,5).