Қазақстандық теннисшілер Федерация Кубогын жеңіспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Федерация Кубогын Гонконгке қарсы матчпен бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші ойында еліміздің бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 55-орында тұрған Зарина Дияс, гонконгтік қарсыласы Хо-Чинг Вуды (1123)  6:3, 6:1 есебімен еш қиындықсыз жеңді.

Матчтың екінші кездесуінде Юлия Путинцева Кван Яу Нгмен бақ сынайды.