АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова Мысырдың Шари-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы айналымында өзара кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 18 жастағы Жанель негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алды.
Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Ж.Рүстемова 17 жасар командалас құрбысы А.Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Жанель ширек финалға шығу үшін турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен таласады.
Осы жарыста Ж.Рүстемова мен А.Сағындықова жұптық сында ширек финалға шықты. Олар ресейліктер Елизавета Машна – Елизавета Морозовамен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлердің финалисі атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).