АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова жұптық сында Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұп жартылай финалда жарыстың екінші ракеткалары, ұлыбританиялық Алише Реайер - эквадорлық Камилла Ромеромен шеберлік байқасты.
Қазақстандықтар 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.
Олардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бұл 18 жастағы Ж.Рүстемова үшін ересектер арасындағы екінші финалы болмақ. Ал 17 жасар А.Сағындықова осындай финалда екі рет ойнап, біреуінде алғашқы титулына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Мысырдағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Азия ойындарында бақ сынағысы келетінін айтты.
Фото: ktf.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).