Румыниялық Симона Халеп әлемнің бірінші ракеткасы атағын ешкімге бірмей келеді. Екінші орында неміс спортшысы Анжелик Кербер, үшінші орында Дания өкілі Каролин Возняцки тұр.
Қазақстандық Юлия Путинцева бұрынғыша 45-орында, Зарина Дияс 90-орынға жайғасқан. Қазақстандық спортшылардың арасында үздік жүздікке ең жақын орналасқан Елена Рыбакина бұрынғыша 176-орында.
Жұптық разрядта Галина Воскобоева 63-орында болса, Анна Данилина 142-сатыда қалды.