НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өзінің 50-орнын сақтап қалды.
Сонымен қатар Михаил Кукушкин (89) мен Дмитрий Попконың (172) орындары да өзгерген жоқ.
Жекелей сында бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим үздік үштікте келеді.
Жұптық сын бойынша рейтингіде Михаил Кукушкин 76-орында қалса, Андрей Голубев бірден 91-ден 88-ге жоғарылады. А.Бублик 89-дан 90-ға сырғыды. Есесіне Александр Недовесов бірден 11 сатыға көтерілді, ол қазір 130-орында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).