Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші орынды Сербия спортшысы Новак Джокович сақтап қалды, екінші орында – ресейлік Даниил Медведев тұр, үздік «үштікті» Грекия теннисшісі Стефанос Циципас түйіндеген.

Рейтингінің үздік «жүздігіне» Қазақстаннан жалғыз өкіл енген – Александр Бублик бұрынғыша 39-шы орында тұр. Михаил Кукушкин бір саты жоғары көтеріліп, 131-ші орынға тұрақтады, Дмитрий Попко тізімде 181-ші орында.

Жұптық сында Андрей Голубев 35-ші орыннан 36-ға түсті, Бублик те бір саты төмен – 49-шы орынға тұрақтаған, Александр Недовесов 84-ші, Михаил Кукушкин — 133-ші орынды сақтап қалды. Рейтингіде Хорватия спортшылары Мате Павич пен Никола Мектич, сондай-ақ франциялық теннисші Николя Маю көш бастап тұр.