Қазақстандық теннисшілердің Австралия ашық біріншілігіндегі қарсыластары анықталды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін теннистен Австралия ашық біріншілігінің жеребесі тартылды. Қазақстанның атынан бұл сынға қатысатын спортшылардың да қарсыласы анықталды.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, Ксения Первак қытайлық Ли Намен бірінші кезеңде күш сынасады. Ли На, өздеріңізге белгілі, әлемнің 5-інші ракеткасы. Ал Галина Воскобоева кортқа неміс спортшысы Янина Викмайермен шығады. Ерлер арасында Михаил Кукушкин испандық Гильермо Гарсия Лопеспен кездеседі.