НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің Рим WTA 1000 турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын айтулы додаға әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти бастаған теннисшілер қатыспақшы.
Қазақстанның екінші, әлемнің 30-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 35-орында тұрған АҚШ-тың 17 жасар жұлдызы Кори Гауффпен кездеседі.
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова әлемнің 100-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизаннан өтуге тырысып көреді.
Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Рим жарысы 10-16 мамыр аралығында өтеді. Өткен жылы румыниялық Симона Халеп жеңімпаз атанған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Мадрид мастерс турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын, Рим жарысындағы қарсыласы белгілі болғанын жазған едік.
Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Мысыр мен Тунисте өткен турнирлердің жеңімпазы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).