Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды

Фото: Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда әйелдер және ерлер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің көшбасшы ойыншысы, жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы кездесуін америкалық Шелби Роджерспен өткізеді.

Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик америкалық, Астанада челленджер жарысының чемпионы атанған Маккензи Макдональдпен кездеседі.

Өткен жылы Уимблдонда Елена Рыбакинаның чемпион атанғаны белгілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тегерандағы турнирдің жартылай финалында қазақстандық қос теннисші кездесетінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді.