Жиын барысында әлем елдерінен жиналған төрешілер емтихан тапсырып, әлемдік сындарға төрелік ету құқығын алуға тырысты. Бұл емтиханға қатысқан қазақ төрешісі Рақымжан Рысбаев ең жоғары 35 ұпайды иеленіп, «АИБА-ның бес жұлдызына» ие болды. Қазақ төрешісімен бірге бес жұлдыз аргентиналық Херардо Поггиге де бұйырды, деп хабарлайды «Аламан».
09:44, 15 Сәуір 2013
Қазақстандық төреші Р. Рысбаев «АИБА-ның бес жұлдызына» ие болды
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Италияның Ассизи қаласында АИБА-ның ұйымдастыруымен әлем төрешілерінің семинары өтті.