Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада еліміздегі АҚШ Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей 2005-2007 жылдары Эдмунд Маски бағдарламасын бітірген Самат Пановқа «Ай түлегі» наградасын табыс етті.
«Бұл награда Қауымдастық, клуб үшін және де толықтай алғанда Қазақстан үшін де мәртебелі. Соңғы бірнеше жылда бірде-бір түлек, қазақстандық азамат бұл наградаға ие болған жоқ», - деді ол.
Самат Панов 2005-2007 жылдары Эдмунд Маски бағдарламасын бітірген. Ағылшын және қазақ тілдерінде көшбасшылық, шешендік дағдыларды үйрететін Орталық Азиядағы бірінші Тостмастерлер клубының негізін қалаған. Қазіргі уақытта Астаналық түлектер қауымдастығын басқарады.