Бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердіоңғаров әлеуметтік желілерде Шарджада бөгеліп қалған қазақстандық туристердің жағдайы туралы түсінік берген еді.
«Қою тұман, құбылмалы ауа райы екі-үш күннен бері сақталып тұр. Ауа райына байланысты рейстер бірінен соң бірі шегеріліп жатыр. Соның салдарынан әуежайда адамдар көптеп бөгеліп жатыр. Бұл наразылық легін тудырып отыр. Шешілген мәселелердің қатарында Скат әуекомпаниясымен сонда қалған жолаушылардың бәрін елге жеткізуге келісім жасасқанымызды айтуға болады. Сол елдің туризм саласына жауапты министрінің арқасында, 200 адамдық ұшақ қазіргі сәтте Шарджа әуежайында тұр. Ол ауа райы жақсарғанын күтіп тұр», - деген болатын ол.