Бұрын БАҚ беттерінде хабарланғанындай, Тайланд елінің астанасы - Бангкок қаласында үкіметке қарсы жаппай акциялар өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар аталмыш елде 13 қаңтардан ақпанның ортасына дейін төтенше жағдай енгізілуі мүмкін деген болжам да бар.
«Осы орайда Туризм индустриясы комитеті Бангкок әуежайларына келіп жатқан қазақстандық саяхаттаушыларға демалыс орындарына астанаға соқпай тезірек орнығып алуларын сұрайды. Тайландтан кетуді жоспарлап қойған туристер әуежайға барар жолын алдын ала қамдап қоюлары тиіс. Қазіргі уақытта Тайланд курорттарындағы жағдай тыныш. Дегенмен Бангкокте жүрген қазақстандықтардың сақтық танытуларын, адам көп жиналған жерлерден аулақ болып, құқыққорғаушылардың талаптарын орындауларын сұраймыз», - деп хабарлайды Туризм индустриясы комитеті.