Оқиға кәгерлерінің айтуынша, 48 жастағы Кобет әйелі екеуі Маркет Вилладждан заттар сатып алған. Туристер жаяу жүргіншілер жолымен өте бергенде, аяқ астынан тук-тук пайда болған. Оның 53 жастағы жүргізушісі Самнук жоғары жылдамдықпен келіп, туристі қағып кеткен. Бассүйек-ми жарақатын алған турист оқиға орнында жан тапсырды.
Тайландтық әлеуметтік желі қолданушылары билікке бұо маңай жиі апат болатын жер екенін айтып, бағдаршам орнатуды ұсынды. Тук-тук жүргізушісіне адам өлтіру фактісі бойынша айып тағылады.