Қазақстандық тұтынушылар шағымдар негізінде 786 млн теңге қайтарып алған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр қазақстандық тұтынушылар тауарлар мен қызметтердің сапасы бойынша түсірген шағымдар негізінде 786 млн теңге қайтарып алған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр уәкілетті орган келіп түскен өтініштердің 44,8%-ы бойынша консультациялық-құқықтық көмек көрсетті. Өтініштердің 43,7%-ы бойынша оң шешімдер қабылданды», - деді минитср.

Аталған өьініштер негізінде тұтынушыларға 786 млн теңге қайтарылған көрінеді.

«Былтыр мемлекеттік органдар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірқатар ұлттық стандарттарды әзірледі», - деді Серік Жұманғарин.