Қазақстандық ұлттық құқық қорғау мекемесі АТФ-ға кіреді

Фото: None
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 қазаннан бастап 2 қазанға дейін Доха қаласында (Катар) ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Азиялық-Тынық мұхиттық Форумының (АТФ) шақыруы бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров аталған ұйымның жыл сайынғы конференциясына қатысуда.

Бұл туралы ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәлінің баспасөз қызметі хабарлады.

АТФ ірі өңірлік бірлестік болып табылады, оның мақсаты - өңірде адам құқықтарын ілгерілету және халықаралық ынтымақтастық, оқыту, тәжірибе мен ресурстарды тарату арқылы мүше-мемлекеттерде ұлттық құқық қорғау институттарын дамытуға көмектесу.

Қазақстандық Омбудсмен АТФ өкілдерімен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ құқық қорғау сипатындағы мәселелердің кең ауқымын, атап айтқанда адам құқықтарын қорғау тетігін дамыту, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар, мемлекеттік басқару сапасын жақсарту мәселелерін талқылап, бірқатар шетел әріптестерімен кездесті.

Өткен келіссөздер қорытындысы бойынша таяу уақытта қазақстандық ұлттық құқық қорғау мекемесін осы өңірлік бірлестікке қабылдау туралы ресми түрде жарияланды.