«QAA аккредитациясы қазақстандық жоғары оқу орындарының британдық сапа стандарттарына сәйкес келуінде маңызды көрсеткіші», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Бұған дейін Университет FIBАА еуропалық тәуелсіз агенттіктің институционалдық аккредитациясын алған болатын.
«Бұл серіктестік британ (халықаралық) сапа белгісін алуға негіз болады», -деді Талғат Нәрікбаев.
Біріккен Корольдікке сапар барысында КАЗГЮУ делегациясының Оксфорд университетінің Ислам зерттеулері орталығы, Кембридж Университетінің құқық факультеті, білім беру саласындағы ынтымақтастық құрылымы (Cambridge Education Partnership), және басқа да британдық оқу орындары басшылығымен нысанды кездесулері жоспарланған.
Еске салсақ, Екатерина Шульман М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің профессоры атанды.