Қазақстандық ҰОС ардагері: Біздің жеңіс адамзатты өлімнен сақтады - Мәскеу

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Біздің жеңіс адамзатты өлімнен сақтап қалды, деді «ҚазАқпарат» тілшісімен сұхбаттасқан Жеңіс парадына қатысқан қазақстандық ҰОС ардагері Камали Дүйсембеков.

«Ерекше сезімде тұрмын. Жеңіс парадына үшінші рет келуім. Жеңістің маңызы туралы қысқаша айтудың өзі оңай емес. Бір сөзбен айтқанда, біздің жеңіс адамзатты өлімнен сақтап қалды», - деді ол. Ардагер Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқанын атап өтті. Сталинград, Украина, Қырым, Беларусь, Балтық түбіндегі ұрыстарға қатысқан. Ол Мәскеудегі әскери парадта өз жолдастарымен жолықты. «Парадта көптеген жолдастарымды кездестірдім. Өткен күндерді есімізге алдық», - деді ардагер оларға бейбітшілік пен денсаулық тілей отырып. «Мен Әлемге бейбітшілік, бақыт тілеймін. Баршаңызға Ұлы жеңіс құтты болсын дегім келеді!», - деді ардагер сөз соңында. К. Дүйсембеков 4-ші Украин майданның 13-ші корпусы 24-ші гвардиялық дивизиясында болған. 1-ші, 2-ші дәрежелі ҰОС ордендерімен марпатталған. Октябрь революциясы, Қызыл Ту Ордені, «Құрмет» орденінің иегері.