НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кувейтте 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында үш қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Бокс федерациясыныңхабарлауынша, Кувейтте 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Азиячемпионаты өтіп жатыр.
Аталған сында ел намысынқорғап жатқан боксшылар арасынан үшеуі финалға өтті.
Атап айтар болсақ,61 келіде Виктор Литвинов, 67 келідегі Батырхан Сейтенов және 70 келідегітараздық Ердос Шәріпбек финалда жұдырықтасады.
Виктор Литвинов пенБатырхан Сейтеновтің финалдағы қарсыластары Өзбекстан боксшысы болса, ЕрдосШәріпбектің қарсыласы үндістандық боксшы.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.