Әбілхайыр Шегалиев (1-0) аталмыш шоу аясында кәсіби рингтегі өзінің екінші айқасын өткізді. 69,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін алматылық спортшы омскілік қарсыласы Иван Ерховты төртінші раундта нокаутқа жіберді.
Сондай-ақ осы кеште 25 жастағы Дәулет Дәукенов кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Елордалық спортшы алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік Михаил Лесниковты жеңді.
Профи-рингте алғаш рет бағын сынап көрген Рустам Сваев та жанкүйерлерін қапы қалдырмады. Орта салмақта айқасқан қызылордалық боксшы төрт раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік Василий Поднебесныйды ұтты.