Қазақстандық үш теннисші «Australian Open-2011» турниріне қатысады

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстандық үш теннисші 17 қаңтарда Мельбурк-Парк кортында басталатын «Australian Open» турниріне қатысады.

Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Андрей Голубев, Михаил Кукушкин және Евгений Королев турнирдің негізгі ойындарында өнер көрсетсе, қазақстандық спортшылар Зарина Дияс пен Сесиль Каратанчева турнирдің біліктілік матчтарында ойнайды.

«Australian Open» турнирінің қазіргі жеңімпаздары - Роджер Федерер мен Серена Уильямс.