Қазақстандық үш жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үш қазақстандық теннисші Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: ktf.kz
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, беделді жарыста Әмір Омарханов (299 ITF Juniors), Заңғар Нұрланұлы (692 ITF Juniors) және Даниал Рахматуллаев (435 ITF Juniors) табысты өнер көрсетіп жатыр.
Жұптық сында Ә. Омарханов болгариялық Иван Найденовпен бірге жартылай финалда тағы бір қазақстандық Жақас Қозыбақ – ресейлік Дмитрий Буртцевпен шеберлік байқасады. Жеңген жұп финалға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонда чемпиондық атағын үшінші ракетка болып қорғайтынын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).