Қазақстандық үстел теннисінен Люксембург ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Люксембургте үстел теннисінен Люксембург Ұлы герцогтігінің тоғызыншы ашық чемпионаты аяқталды, деп жазады Sports.kz.

Ерлер арасында алтын медальді Кирилл Герасименко (Астана) жеңіп алды. Күміс Адам Шудиде (Венгрия), қола медальға Кент Тазои (Жапония) мен Дориан Николли (Франция) ие болды.