Қазақстандық ватерполшылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Мексиканы жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан су полосы бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Мексиканы 18:11 есебімен жеңді. Енді жерлестеріміз мысырлық ватерполшылармен кездеседі, деп жазды sports.kz.

Жетінші ойын күні тартысты өтті. Біріншіден сегізінші орынға дейінгі сайста Хорватия құрамасы гректерден 14:15 есебімен ұтылды. Венгриялықтар Черногория ватерполшыларынан басым түсті (15:12), ал сербиялықтар испаниялықтарды жеңді. Есеп - 15:11.

Қазақстан құрамасы үздің ондыққа кіру үшін арпалысты. Неманья Кнежевич командасының қарсыласы Мексика болды. Бұл ойында қазақстандықтар өздерінің мықты екенін көрсетті. Есеп - 18:11. Жетінші ойын күнінің нәтижелері: Өзбекстан -Жапония 6:20 Канада -Қытай 14:13 Мысыр -Нидерланды 15:11 Хорватия -Грекия 12:13 Венгрия -Черногория 15:12 Сербия -Испания 15:11 Қазақстан - Мексика 18:11