Онда Қазақстан құрамасынан Арман Қамышев 8-інші, Алексей Луценко 25-інші, Даниил Фоминых 28-інші, Никита Өмірбеков 40-ыншы, Владислав Горбунов 43-інші, Әбдірайымжан Ишанов 105-інші орын алды. Бұған дейін 3,7 шақырымдық кіріспе сында Алексей 15-інші, Арман 23-інші, Даниил 50-інші, Никита 63-інші, Владислав 78-інші, Әбдірайымжан 96-ыншы сатыдан көрінген болатын.
Бүгін енді 140 шақырымдық екінші кезең өтеді. Жалпы 6 кезеңнен тұратын бұл байрақты бәсеке 1 қыркүйек күні аяқталады.
1961 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл жарыс қазіргі атауын 1992 жылы иеленген болатын. Оған бұған дейінгі жарыстарда жинаған ұпай саны бойынша ең үздік 20 команда ғана қатыса алады. Онда биыл Қазақстаннан бөлек, Бельгия, Франция, Германия, Австралия, Нидерланды, Норвегия, Италия, Словения сияқты елдердің спортшылары өз бағын сынауда.