Қазақстандық велошабандоз Индонезиядағы «Тour of East Java» жарысының жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. Тамыздың  11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Индонезияда өз мәресіне жеткен   «Тour of East Java» жарысында қазақстандық велошабандоз Андрей Мизуров жеңімпаз атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыздың 8-і күні жалауы көтерілген дәстүрлі бұл байрақты бәсеке  үш кезеңге созылған болатын. 203,8 шақырымдық бірінші кезеңде ресейлік Сергей Куденцов үздік шыққан болатын.  204 шақырымдық екінші кезеңде қазақстандық Андрей Мизуров сөреге бірінші жетті. Ирандық «Petrochemical Tabriz Cycling Team» командасында өнер көрсететін ол  бұл көрсеткіші бойынша  77 шақырымдық үшінші  кезеңнің қорытындысында да өзінің көшбасшылығын сақтап қалды. Соның нәтижесінде қазақстандық велошабандоз «Тour of East Java» жарысында қатарынан екінші рет жеңімпаз атанып отыр.