Olympic.kz аталған жарыстағы қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынды.
Қазақстандық Фаина Потапова жарыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға жайғасты.
Марина Кузьмина болса 15-ші, Жанерке Санақбаева 17-ші болып мәре сызығын кесті. Ал Светлана Пащенко - 20, Анжела Соловьева 26-шы болды.
Айта кетерлігі, велоспорттан Түркиядағы Гран При жарысында өзбекстандық Ольга Забелинская жеңімпаз атанды.