Тректегі сайыста жарыстың алғашқы күні жас қазақстандық велошабандоз Сергей Шатовкин ұпай саны бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайдыdodasport.kz .
Отандасымыз 47 ұпаймен бірінші орын алды. Тағы бір спортшымыз Никита Панасенко 40 ұпаймен үшінші орыннан көрінді.
Келесі жарыс күндері спортшылар скретч, кейрин, омниум, мэдисон және ұпайлар есептелетін сайыста сынға түсетін болады.
«Москва гран-приі» 28 мамыр күні мәресіне жетеді.