НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Astana Pro Team» велоклубының капитаны, колумбиялық велошабандоз Мигеаль Анхель Лопес «Tour de France» көпкүндігінің 17-кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат велоклубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Жарыстың бұл сатысы корольдік кезең деп аталады.
Көпкүндіктің 17-кезеңі Гренобль және Мерибель Коль де ла Лоз аралығында өтті. Велошабандоздар 170 шақырымды артқа тастады. Жарыстың аталған сатысында жеңімпаз атанған Лопестің көрсеткіші - 04:49:08. Ол словениялық Примож, Рогличті 15, Біріккен Араб әмірлігінен келген Тадей Погачарды 30 секундқа артқа тастады.
Естеріңізге сала кетелік, көпкүндік 1903 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Халықаралық деңгейде Қазақстан намысын қорғап жүрген «Astana Pro Team» велоклубы оған 2007 жылдан бері қатысады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.