Қазақстандық велошабандоз «Тур де л'Авенир» жарысының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша 18-інші орында келе жатыр

АЛМАТЫ. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Велоспорттан Францияда андерлер арасында өтіп жатқан «Тур де л'Авенир» көпкүндігінің кеше 140 шақырымдық екінші кезеңі болды.

Оның қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде Алексей Луценко 18-інші,  Арман Қамышев 24-інші, Даниил Фоминых 24-інші, Никита Өмірбеков 60-ыншы, Владислав Горбунов 74-інші,  Әбдірайымжан  Ишанов 86-орында келе жатыр. Бұл сында  Алексей, Арман, Никита, Владислав пен Әбдірайымжан алғашқы кезеңдегі өз орнын сақтап қалса,  Даниил 49-дан 24-інші сатыға көтерілді.

26-ыншы тамызда басталған бұл жарыс 1  қыркүйекте  аяқталады. Оған дейін спортшылар бүгін 152 шақырым, ертең - 155, арғы күні - 130, ал бәсекенің соңғы күні 83 шақырымға жарысады.