Қазақстандық велошабандоз «Тур де л'Авенир» жарысының 3-інші кезеңінде мәре сызығын жетінші боп кесіп өтті

АЛМАТЫ. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Францияда велоспорттан ерлер арасында өтіп жатқан «Тур де л'Авенир» көпкүндігінің 152 шақырымдық үшінші кезеңінде Алексей Луценко мәреге жетінші боп келді.

Ал Никита Өмірбеков 20-сыншы, Даниил Фоминых 54-інші, Владислав Горбунов 62-нші, Арман Қамышев 69-ыншы, Әбдірайымжан Ишанов 82-нші орыннан  көрінді. Соның нәтижесінде 3 кезеңнің қорытындысы  бойынша негізгі жіктелімде Алексей бір сатыға (17), Арман  (20) мен  Әбдірайымжан 4 сатыға (82), Владислав 20 сатыға (54), Никита 21 сатыға (39) көтерілді. Қазақстандық велошабандоздар арасында бұл сында тек Даниил (39) ғана өз көрсеткішін 15 сатыға төмендетіп алды.

Бүгін спортшылар 155 шақырымдық төртінші кезеңді өткізуде. Алда әлі 130 және 83 шақырымдық тағы екі кезең бар.