Қазақстандық велосипедші Н.Күлімбетов Әзірбайжан жолдарындағы турда жеңіске жетті
08:22, 14 Мамыр 2012
БАКУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің есіміне арналған Әзірбайжан жолдарындағы веложарыс аяқталды.
Соңғы бесінші кезеңде Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрболат Күлімбетов жеңіске жетті, уақыт көрсеткіші - 2 сағат 57 минут 16 секунд. Екінші болып Геннадий Татарнинов («Итера Катюша») келсе, ивуариялық Иссиака Сиссе (СМС) үшінші орыннан көрінді.
Күміс және қола жүлдегерлер мәре сызығында бірдей уақыт - 2 сағат 57 минут 22 секундты көрсетті.