Қазақстандық велоспорттан Азия чемпионатында жеңіске жетті

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Рината Сұлтанова Тәжікстанда өткен шосседегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жекелеген жарыста үздік атанды.

Велошабандоз 24 шақырымдық қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытты көрсетті.

Екінші орынды индонезиялық Делиа Приатна ( 34,643) еншіледі. Қола медаль моңғол спортшысы Солонго Цэрэнлхамға бұйырды ( 01:39.450).

Айта кетейік, Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанды.