Захаров «омниум» дисциплинасында бақ сынаған болатын. Ол он айналымнан соң барлығы 99 ұпай жинап, бесінші орынға қол жеткізді.
Аталған сында австралиялық Сэм Уелсфорд 128 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орында - испаниялық Альберт Торрес (118 ұпай), үшінші орында - Нидерланды спортшысы Виллем ван Шип.
Айта кетейік, Артем Захаров Азиады-2018-де екі мәрте қола медаль иеленген болатын.