Жалпы 13 қыркүйек күні басталған бұл байрақты бәсекенің ақтық сыны жексенбі күні өтеді. Екі жылда бір өтетін Азия чемпионатына 1993 жылдан бері қатысып келе жатқан қазақстандықтар бұған дейін тек 2007 жылы ғана күміс жүлдегер атанған болатын. Ал 2011 жылы Тайбэйде өткен соңғы бәсекеде 9-орынды қанағат тұтты. Онда вьетнамдықтар бірде-бір рет үздіктер қатарынан көрінбесе, жапондықтар 3 рет чемпион, 6 рет күміс, 6 рет қола жүлдегер атанды. Соңғы 5 чемпионатта үздік үштіктің қатарынан түспей келе жатқан олар 2011 жылы күміс жүлдені олжалаған еді.
12:30, 16 Қыркүйек 2013
Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатында вьетнамдық құрдастарымен күш сынасуда
АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Таиланд еліндегі Накхонратчасимада волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан ХVII Азия чемпионатының 1/8 финалдық ойындары басталды. Топтық сында «А» тобының жеңімпазы атанған Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасының бұл сындағы алғашқы қарсыласы «С» тобында екінші орын алған вьетнамдықтар болып отыр. Ал ертеңгі қарсыласы осы топтың үздігі болған Жапония волейболшылары болмақ.