Қазақстандық волейболшы қыздар «Вьетнам телеарнасының кубогы» жарысына қатысуда

АЛМАТЫ. 14 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Вьетнам елінің Винь Пхук қаласында волейболдан әйелдер арасында «Вьетнам телеарнасының кубогы» үшін дәстүрлі халықаралық турнир өтіп жатыр.

Онда қазақстандықтар топтық кезеңде Тайланд, КХДР және  Жапония құрамаларымен күш сынаспақ. Ал Вьетнам, Австралия құрамалары мен Қытайдың «Jiangsu», Оңтүстік Кореяның  «IBK» командалары екінші топта бақ сынауда. Жарыстың жартылай және финалдық ойындары 20-21 шілде күндері өтеді. 

Онда бас бапкер  Александр Гутор «алматылықтардан» - СанаЖарлағасова, ЛюдмилаИсаева,   ИринаЛукомская, ТатьянаАфанасьева, ЕленаГордееваға, «жетісулықтардан» - ЛюдмилаАнарбаева, ОльгаНаседкина, Коринна Ишимцева, МаринаСтороженко, ИринаШенбергерге,  «астаналықтардан» -  ОльгаКарпова мен Юлия Куцкоға, «Ертіс-Қазхромнан» Инна Матвееваға және Канадада өнер көрсететін  Алена Омельченкоға  сенім артуда.