Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарында 9-орын алды

АЛМАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында 9-орын алды.

Жерлестеріміз 9-16 -орындар үшін болған ойындарда Кувейт (3:1), Мьянма (3:0), Тайпей (3:2) және Пәкістан (3:0) құрамаларынан басым түсті. 13 қараша күні басталған бұл доданың жүлделі орындары 26 қарашада сарапқа салынады.

Жалпы Азия ойындарына биыл құрлықтың 18 мемлекетінен командалар қатысқан болатын. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы кезеңде Оңтүстік Корея, Вьетнам мен Үндістан құрамаларымен бірге "B" тобында өнер көрсетті. Қытай, Тайпей, Таиланд, Пәкістан - "А" тобында, Сауд Аравиясы, Иран, Индонезия, Түрікменстан, Моңғолия - "С" тобында, ал Катар, Жапония, Мьянма, Кувейт және Гонконг "Д" тобында өнер көрсетті.