Олар Вьетнам құрамасынан 3:1 есебімен (25:19, 21:25, 25:11, 25:23) басым түсті. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы ойында үндістандықтарға 1:3 есебімен (26:24, 23:25, 18:25, 11:25) ұтылған болатын. Қазақстандықтар бүгін енді Азия ойындарының алғашқы кезеңдегі ақырғы кездесуін Оңтүстік Корея құрамасымен өткізеді. Кореялықтар бұған дейін жалпы есепте вьетнамдықтарды 3:0 (25:12, 25:10, 25:16), ал үндістандықтарды 3:0 есебімен (25:19, 25:20, 25:19) ұтқан болатын.
07:30, 17 Қараша 2010
Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарында Вьетнам құрамасынан басым түсті
АЛМАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.