Қазақстандық волейболшылар 2014 жылы Италияда әйелдер арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың Чэньжоу қаласында волейболдан әйелдер арасында 2014 жылғы Әлем чемпионатының Азиялық финалдық дәрежелік раундының ақтық ойындары өтіп жатыр.

Онда қазақстандықтар үндістандықтармен, ал жарыс қожайындары оңтүстіккореялықтармен күш сынасады. Кеше қытайлықтарға 0:3 боп ұтылып қалғанына қарамастан, алғашқы 2 ойында Оңтүстік Корея мен Жаңа Зеландия құрамаларын 3:0 есебімен ұтқан Аександр Гутор жаттықтыратын ел құрамасы 2014 жылы Италияда өтетін Әлем чемпионатының жолдамасын алуға күш салмақ.

Алғашқы 2 кездесудің қорытындысы бойынша мүмкін болған ең жоғарғы 6 ұпайды толық өз қоржынына салған Қазақстан мен Қытай құрамалары бүгін өзара күш сынасуда. Қазақстандықтар сенбі күні оңтүстіккорялықтарды 3:1 (21:25, 25:22, 25:17, 25:14), жексенбіде жаңазеландиялықтарды 3:0 (25-12, 25-14, 25-7) есебімен ұтты. Ал қытайлықтар жұмада үндістандықтарды (7-25, 8-25, 10-25), сенбіде жаңазеландиялықтарлы (25-4, 25-7, 25-7) 3:0 есебімен жеңген болатын. Ал 6 ұпаймен үшінші орында келе жатқан оңтүстіккореялықтардың олардан бір ойыны артық. Олар Үндістанды 3:0 (25-15, 25-19, 25-18), Жаңа Зеландия волейболшыларын 3:0 (25:9, 25:8, 25:10) еебімен қапы қалдырды. Бүгін жаңазеландиялықтарды 3:0 (25:18, 25:13, 25:15) есебімен жеңіп, 3 ұпайға ие болған үндістандықтар төртінші орынға көтерілді.

Жалпы 1 қазанға дейін созылатын бұл жарыста үздік шыққан 2 команда Әлем чемпионатының жолдамасын иеленуге біртабан жақын тұр. Қазір 3 кездесуде 9 ұпай жинаған қытайлықтар бірінші, ал қоржынында 6 ұпайлары бар Оңтүстік Корея мен Қазақстан 2-3 орында келе жатыр. Одан кейінгі орындарды 3 ұпайы бар Үндістан мен қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ Жаңа Зеландия волейболшылары түйіндеп тұр. Егер қазақстандықтар үндістандықтардан басым түсетін болса, Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.