Қазақстандық волейболшылар Әлемдік Лига кезеңінде испандықтарға жол берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр елінің астанасы Каир қаласында Әлемдік лиганың Н тобындағы екінші тур ойындары өтті.

Волейболдан Қазақстан құрамасы Әлемдік лига екінші турының екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды sports.kz.

Бүгін Н тобында ойнаған біздің отандастарымыз Испания командасынан 0:3 (23:25, 18:25, 20:25) есебімен ұтылды. Өткізілген бес ойыннан кейін бір рет жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы топта үшінші орында келеді. Қазақстандықтар келесі ойынды Венесуэла командасымен өткізбек.