«Қазақстандық волейболшылар әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатында малайзиялықтардан басым түсті

АЛМАТЫ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасында 13-клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңінің екінші кездесулері болды.

Онда «В» тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Малайзияның «Santa Barbara Polo & Racquet» командасын 3:0 еесебімен ойсырата ұтты.

Ел намысын қорғап жатқан Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын Алматы облысының «Жетісу» командасы ертең енді Шри-Ланка спортшыларымен кездеседі. Бұған дейін олар 21 сәуір күні алғашқы кездесуде Қытайдың «Bridzstoum» командасына тай-брейкте 2:3 есебімен есе жіберген еді.