Қазақстандық волейболшылар "С" тобында екінші орын алып, медаль үшін күресті жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Иран командасына - 0:3 (21:25, 17:25, 22:25) болып есе жіберсе, ал екінші кездесуде Кувейтті - 3:0 (25:23, 25:15, 25:17) есебімен тізе бүктірді.
Енді Қазақстан құрамасы Иран, Ирак және кейінірек белгілі болатын тағы бір командамен бірге "К" тобында ойын көрсететін болады