Қазақстандық волейболшылар Азия кубогында екінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия Кубогы ойындарында қатарынан екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші матчта қазақстандықтар Тайланд командасымен кездесіп, үш партияда 25:20, 25:22, 25:17 есебімен басым түсті. Жерлестеріміз үшін бұл турнирдегі екі ойындағы екі жеңісі.

Бұдан бұрын қазақстандық волейболшылар Жапония командасын 3:0 (25:23, 25:23, 25:18) есебімен тізе бүктірген еді.