Қазақстандық волейболшылар Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатына қатысуда
12:05, 20 Қыркүйек 2010
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Үндістанда өтіп жатқан ерлер командаларының Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатының ақтық ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қыркүйектің 17-сі күні Калькуттада жалауын көтерген бұл байрақты бәсеке бүгін мәреге жетеді. Онда Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы ойында үндістандықтарға 0:3 (21:25, 16:25, 22:25) есе жіберді. Ал екінші кездесуде Пәкістан спортшыларынан 3:0 (25:11, 25:22, 25:23) есебімен басым түсті. Жалпы бұл дүбірлі додаға алаң қожайындарынан басқа, Қазақстан, Иран және Пәкістан құрамасы қатысқан болатын.