44-ші олимпиада 7-15 шіле аралығында Дания астанасы Копенгаген қаласында өтті. Бұған әлемнің 83 мемлекетінен 381 оқушы қатысқан.
Күміс жүлдені қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Айдар Жетесов (Астана), Амир Бралин (Ақтөбе) және тараздық Мұса Раджамов пен Нұрислам Тұрсынбек алды. Қола медаль аталған лицейдің 10-сынып оқушысы, тараздық Дінмұхаммед Нұрбектің еншісіне тиді.