Нұрсұлтанов 15 қаңтарда Ақтауда рингке оралып, ресейлік боксшы Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) кездеседі. Олар орта салмақтағы WBO International бос титулына таласады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Мейірім Нұрсұлтанов қараша айында соңғы жекпе-жегін өткізді - ол Беларусь төрешілерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Дмитрий Атроховты (16-12, 7 КО) жеңген болатын. Сонымен қатар, қазақстандықтың WBC (USNBC) белбеуіне ие екендігін айта кеткен жөн. Андрей Сироткинге келсек, кезекті айқасын сәуір айында өткізді – оның WBO Еуропа чемпионы атағы үшін британдық Дэнни Дигнуммен (13-0-1, 7 КО) жекпе-жегі тең аяқталды.